Торебекова Динара Серікқызы

"AL-NUR7" бөбек жай бақшасы

Торебекова Динара Серікқызы

Меңгеруші

Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар!

Сіздерді біздің балабақшаның ресми сайтында көргеніме қуаныштымын. Біздің басты мақсатымыз - әр баланың қауіпсіз, бақытты әрі жанжақты дамуына жағдай жасау.

Балабақша - баланың алғашқы үлкен ортасы. Сондықтан біз әр тәрбиеленушінің бойындағы қабілетті ашуға, қызығушылығын қолдауға және мейірімді орта қалыптастыруға ерекше мән береміз.

Біздің ұжым - өз ісін сүйетін, тәжірибелі әрі шығармашыл педагогтардан құралған. Біз балалардың сапалы білім алып қана қоймай, өздерін еркін сезінуіне, достық пен сыйластықты үйренуіне көңіл бөлеміз.

Ата-аналармен тығыз байланыс орнату - біздің маңызды бағыттарымыздың бірі. Себебі бала тәрбиесіндегі ең үлкен нәтиже отбасы мен балабақша бірлесе әрекет еткенде ғана жүзеге асады.

Сіздерге сенімдеріңіз үшін алғыс білдіремін! Біздің балабақшамызда әр бала өзін ерекше сезінеді деп сенемін.

Ізгі тілекпен, Менгеруші